date

Сака Мбаппемен салыстырылуына қарсы шықты

Сака Мбаппемен салыстырылуына қарсы шықты

Англия құрамасының шабуылшысы Букайо Сака Әлем чемпионатының ширек финалы аясындағы Франциямен ойын алдында Килиан Мбаппемен салыстырылуына қатысты пікір білдірді. «Арсенал» жұлдызы Сенегалды жеңгеннен кейін турнирдегі үшінші голын атап өтті.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Сака журналистермен сұхбатында Мбаппенің шеберлігін жоғары бағалады. «Мақтауларыңызға рақмет, бірақ жоқ...

Меніңше, әлемде тек бір ғана Килиан Мбаппе бар! Сонымен қатар, мен де жалғызбын.

Мен жай ғана өзім болғым келеді және командама қолымнан келгенше көмектесуді қалаймын», — деді футболшы.

Шабуылшы турнирде көптеген дарынды жастар бар екенін, соның ішінде командаласы Джуд Беллингем де тамаша ойын көрсетіп жатқанын атап өтті. Саканың айтуынша, ол үшін жеке марапаттардан гөрі жарыста жеңіске жету маңыздырақ.

Мәлімет үшін, Мбаппе қазіргі уақытта бес голмен сұрмергендер жарысында көш бастап тұр. Ал Англия құрамасы турнирде ең көп гол соққан команда болып отыр.

Екі команда арасындағы ширек финалдық кездесу сенбі күні өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Сака Мбаппемен салыстырылуына қарсы шықты