date

Клопп Вирцтің ӘЧ-2026 турнирінде жарқырайтынына сенім білдірді

Клопп Виртцтің ӘЧ-2026 турнирінде жарқырайтынына сенім білдірді

«Ливерпуль» клубының бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп Германия құрамасының мүшесі Флориан Виртцтің болашағына қатысты өз ойымен бөлісті. Маман жас таланттың АҚШ, Канада және Мексикада өтетін кезекті әлем чемпионатында сәтті өнер көрсететініне сенім білдірді.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Клопптың айтуынша, Виртц жоғары деңгейдегі ойыншы болу үшін барлық қажетті қасиеттерге ие. «Ливерпуль» 2025 жылы бұл плеймейкер үшін «Байер» клубына 125 миллион еуро төлеген болатын.

Әзірге футболшы «Энфилдтегі» алғашқы маусымында өзіне жұмсалған қомақты қаражатты толық ақтауға үлгермеді.

«Мен жігітке қысым жасағым келмейді. Оның қиын маусымда да қаншалықты мықты екенін көрсете алатынына шын жүректен сенемін», — деді Клопп BBC басылымына берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта Арне Слот басқаратын «Ливерпуль» Англия Премьер-лигасында төртінші орында тұр және чемпиондық бәйгеден шығып қалған.

Флориан Виртц Германия құрамасы сапында 2021 жылы дебют жасап, осы уақытқа дейін 39 ойында 10 гол соқты. 22 жастағы футболшы Швейцарияға қарсы жолдастық кездесуде дубль жасап, әлем чемпионатының тізімінен орын алу мүмкіндігін айтарлықтай нығайтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Клопп Вирцтің ӘЧ-2026 турнирінде жарқырайтынына сенім білдірді