date

Мбаппе «Сантьяго Бернабеуде» ойнағысы келмейтіні айтылды

«Real Madrid» шабуылшысы Kylian Mbappe осы маусымда командасының қалған үй матчтарына қатыспауы мүмкін. The Athletic басылымының хабарлауынша, француз жұлдызы «Santiago Bernabeu» алаңына шығуды қаламайды.

Дереккөздің мәліметінше, бұған жанкүйерлер тарапынан бірнеше рет ысқырыққа ұшырауы себеп болған. Mbappe «Real»-дың бүгінгі таңдағы ең мықты футболшыларының бірі ретінде қарастырылғанымен, соңғы уақытта оның айналасындағы жағдай күрделене түсуде.

Француз шабуылшысы La Liga-ның 35-турындағы «Barcelona»-ға қарсы «El-Clasico» бәсекесін де өткізіп алды. Бұған дейін ол 24 сәуірде «Betis»-ке қарсы матчта алған жарақатына байланысты алаңға шықпағаны айтылған болатын.

Алайда басқа мәліметтерге сәйкес, жағдай тек жарақатқа байланысты емес. Кейбір дереккөздер Mbappe негізгі құрамда алаңға шықпайтынын білген соң жаттығуды тастап кеткенін хабарлауда. Бұл «Real» ішіндегі ахуал мен футболшының көңіл-күйі туралы жаңа сұрақтар туындатты.

Әзірге мадридтіктер Mbappe-нің қашан алаңға оралатыны туралы нақты ақпарат берген жоқ. Сол себепті оның маусым соңына дейінгі қалған ойындарға қатысуы әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.

«Real Madrid» маусым аяқталғанға дейін тағы үш кездесу өткізеді. Команда 14 мамырда өз алаңында «Oviedo»-ны қабылдайды, 17 мамырда сырт алаңда «Sevilla»-ға қарсы ойнайды және 23 мамырда «Athletic Bilbao»-ға қарсы үй матчын өткізеді.

Егер Mbappe шынымен «Bernabeu»-дағы ойындарға қатыспаса, бұл «Real» үшін үлкен психологиялық соққы болуы мүмкін. Себебі команда маусымды жүлдесіз аяқтау алдында тұр, ал жанкүйерлердің көңіл-күйі өте шиеленіскен.

Mbappe сияқты жұлдыз үшін қысым, сын және ысқырық — үлкен футболдың бір бөлігі. Бірақ «Real»-да бұл қысым екі есе күшті болады. Мұнда тек жақсы ойнау емес, әр апта сайын өз деңгейіңді дәлелдеу талап етіледі.

Ендігі басты сұрақ: Mbappe бұл қысымды жеңіп, алаңда жауап бере ме, әлде маусым соңында оның «Real»-дағы болашағы одан сайын талқылана ма? Әзірге Мадридте тыныштық жоқ — алаңдағы ойыннан гөрі киім ауыстыратын бөлмедегі жағдай көбірек сөз болуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе «Сантьяго Бернабеуде» ойнағысы келмейтіні айтылды