date

Өзбекстанда халықтың 95 пайызға жуығы интернетті пайдаланады

Өзбекстанда халықтың 95 пайызға жуығы интернетті пайдаланады

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың январь-август айларында Өзбекстан халқының 94,2 пайызы интернетті пайдаланған.

Соңғы жылдары елде интернет пайдаланушылар саны тұрақты өсіп келеді. Мәселен, 2021 жылы бұл көрсеткіш 76,6 пайызды құраса, 2022 жылы 83,9 пайызға жетті.

2023 жылы интернет пайдалану деңгейі 89 пайызға, 2024 жылы 93,3 пайызға дейін өсті. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында бұл көрсеткіш 94,2 пайызға жетті.

Шенеуніктердің айтуынша, халық арасында интернетті пайдаланудың кең таралуы цифрлық қызметтер, білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік салаларындағы мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Өзбекстанда халықтың 95 пайызға жуығы интернетті пайдаланады