date

Apple бүктелетін iPhone-ның шығуын неге кешіктіріп жатыр?

Apple бүктелетін iPhone-ның шығуын неге кешіктіріп жатыр?

Жапонияның Mizuho Securities инвестициялық фирмасы Apple өзінің алғашқы бүктелетін iPhone моделін шығаруды 2027 жылға дейін кейінге қалдырғанын хабарлады.

Компания бұл кідірісті смартфон дизайнын одан әрі жетілдіру қажеттілігімен түсіндірді. Сондай-ақ жаңа құрылғы үшін дисплей өндіру жоспары бұрын белгіленген 13 миллион данадан 9 миллионға дейін қысқартылды. Бүктелетін модель iPhone 18 сериясының бір бөлігі ретінде ұсынылады деп күтілуде.

Бұған дейін Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бүктелетін iPhone 2026 жылдың күзінде шығуы мүмкін екені айтылған. Ол кітап түрінде ашылатын Android құрылғыларына ұқсас болады. Айтуынша, жаңа модельде 8 дюймдік негізгі OLED дисплейі мен 5 дюймдік сыртқы дисплей болады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Apple бүктелетін iPhone-ның шығуын неге кешіктіріп жатыр?