date

Ресей 2026 жылы автомобильдерге арналған RISC-V чиптерін жеткізе бастайды

Ресей 2026 жылы автомобильдерге арналған RISC-V чиптерін жеткізе бастайды

Ресейдің «Элемент» компаниялар тобының құрамына кіретін электронды техника ғылыми-зерттеу институты көлік саласы үшін жаңа микроконтроллерлерді жеткізуді жоспарлап отыр. Аталған құрылғылардың алғашқы партиясы 2026 жылдың төртінші тоқсанында нарыққа шығады деп күтілуде.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Жаңа әзірлеме — ашық платформа болып табылатын және лицензиялауды талап етпейтін RISC-V архитектурасында жасалған 32 разрядты микроконтроллер. Қазіргі уақытта бұл чип Ресейдегі көлікке арналған электронды блоктар шығаратын ірі тапсырыс беруші кәсіпорында сынақтан өткізілуде.

Бұл микросхемалар автомобиль қозғалтқыштарын басқару, навигация және телематика жүйелерінде қолданылады деп жоспарланған. Мұндай технологияларды енгізу Ресейдің автомобиль өнеркәсібіндегі оқшаулау (локализация) деңгейін арттыруға және шетелдік компоненттерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресей 2026 жылы автомобильдерге арналған RISC-V чиптерін жеткізе бастайды