date

Россияда қуаты 1253 МВт болатын ең ірі ядролық реактор іске қосылды

Ресейде қуаттылығы 1253 МВт болатын ең ірі ядролық реактор іске қосылды

Ресейде ВВЭР-ТОИ реакторы бар Курск АЭС-2 станциясының бірінші энергия блогы ресми түрде іске қосылды. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы барлық қажетті құжаттарға қол қойғаннан кейін, блок 1 мамырдан бастап электр энергиясы нарығына шықты.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Жаңа энергия блогы Ресей атом энергетикасындағы ең қуатты нысанға айналды. Оның электр қуаттылығы 1253 МВт-ты құрайды.

Бұл блок елдің біртұтас энергия жүйесі үшін қосымша генерация көлемін қамтамасыз етуі тиіс.

«Росатом» бас директоры Алексей Лихачевтің айтуынша, құрылыс жұмыстарын үлкен ұжым жүзеге асырған. Жобаға 90 мыңнан астам адам және 250-ге жуық мердігер ұйым қатысты.

Курск АЭС-2 тек бір энергия блогымен шектелмейді. Таяу жылдары алаңда тағы үш осындай блок салу жоспарланған.

Осыдан кейін станция толығымен жаңа буын реакторларына өтеді деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Россияда қуаты 1253 МВт болатын ең ірі ядролық реактор іске қосылды