date

Польша Өзбекстаннан жұмыс күшін тартуды жоспарлап отыр

Польша Өзбекстаннан жұмыс күшін тартуды жоспарлап отыр

Өзбекстан дипломаттары Польшаның "MW-WORKSERVICE" Sp.zo.o. жеке жұмыспен қамту агенттігінің директоры Витольд Станислав Овчарчикпен кездесу өткізді, деп "Дунё" АА.
Польша өкіліне Өзбекстанда көші-қон саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар, заңнаманы жетілдіру, еңбек мигранттарының мүдделерін қорғауға және олардың заңды еңбек қызметі үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар туралы айтылды.
Витольд Станислав Овчарчик елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың маңыздылығын жоғары бағалай отырып, Өзбекстаннан жұмыс күшін тартуға қызығушылық танытты.
Тараптар пилоттық жоба ретінде 232 маман мен жұмысшыны Польшаға жұмысқа тартуға келісті.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Польша Өзбекстаннан жұмыс күшін тартуды жоспарлап отыр