date

Шавкат Мирзиёев: "Қарақалпақстанда жасанды интеллект орталығы салынады"

Шавкат Мирзиёев: "Қарақалпақстанда жасанды интеллект орталығы салынады"

Президент Шавкат Мирзияевтың төрағалығымен өткен жиында жасанды интеллект саласына инвестиция салу үшін неғұрлым тартымды орта құру мәселелері де талқыланды, деп жазды president.uz.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл бағыттағы ең маңызды қадамдардың бірі - заманауи суперкомпьютер кластерлері мен ірі дата-орталықтарды көбейту.

Бұл инфрақұрылымдардағы шығындардың басым бөлігі - шамамен 70 пайызы электр энергиясына тиесілі. Сондықтан инвесторлар үшін электр қуаты тарифтерін тартымды деңгейге дейін төмендету қажеттігі айтылды.

Президент бұл бағыттағы жұмыстар Қарақалпақстан Республикасынан басталатынын айтты. Енді жасанды интеллект инфрақұрылымына 100 миллион доллардан астам инвестиция салған инвесторларға бірқатар жеңілдіктер беріледі:

- электр энергиясының бағасы әр киловатт сағатына 5 цент болып белгіленеді;

- IT-парк қатысушыларына берілетін барлық салық және кедендік жеңілдіктер қолданылады;

- жасанды интеллект жобалары үшін әкелінетін жабдықтар кедендік төлемнен босатылады.

"Бұл бастама жасанды интеллект саласында үлкен серпіліс жасап қана қоймай, Қарақалпақстан экономикасына да жаңа леп әкеледі," - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, жиында еліміздің шалғай аудандарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. Президенттің айтуынша, келесі жылдан бастап спутниктік интернет операторларының қызметі жолға қойылады.

Бұл компаниялар бес жыл бойы жер, мүлік, пайда және қосылған құн салығынан босатылады. Бұл өз кезегінде цифрлық инфрақұрылымды бүкіл ел бойынша кеңейтуге қызмет ететіні атап өтілді.

Жиын соңында Президент жасанды интеллектіні енгізу технологияны ғана емес, экономика мен аймақтық дамуды жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық міндет екенін атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Шавкат Мирзиёев: "Қарақалпақстанда жасанды интеллект орталығы салынады"