date

Азиз Аханнуш: Жастар наразылығын диалог арқылы шешуге шақырды

Азиз Аханнуш: Жастар наразылығын диалог арқылы шешуге шақырды

Марокко Премьер-министрі Азиз Аханнуш елдің кемінде 11 қаласын қамтыған жастар наразылықтарын тоқтату үшін диалогқа дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық мәселелерді шешудің жалғыз жолы — ашық диалог.

Аханнуш үкіметтің жастар қойған талаптарға жауап бергенін және келіссөздерге дайын екенін атап өтті.

Мәлімет үшін, Gen Z 212 қозғалысының бастамасымен шыққан наразылықтар алғашында білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін реформалау талабымен басталған. Кейін олар 2030 жылғы футболдан Әлем чемпионатына дайындыққа бөлінген үлкен бюджет шығындарына да қарсылық білдірді.

Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес, тәртіпсіздіктер кезінде 3 адам қаза тауып, 350-ден астам адам жарақат алған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Азиз Аханнуш: Жастар наразылығын диалог арқылы шешуге шақырды