date

Францияда спортшы Эйфель мұнарасына велосипедпен шығып, рекорд орнатты

Францияда спортшы Эйфель мұнарасына велосипедпен шығып, рекорд орнатты

Француз кәсіпқой спортшысы Орелен Фонтено Эйфель мұнарасына велосипедпен көтерілу бойынша жаңа әлемдік рекорд жаңартты. Ол мұнараның екінші қабатына 12 минут 30 секундта көтеріліп, бұрынғы рекордты шамамен 7 минутқа жақсартты.

Эйфель мұнарасының ресми Facebook парақшасында спортшы 686 баспалдақты басып өтіп, сынақ велосипедінің (trial bike) көмегімен рекорд орнатқаны айтылады. Мұндай велосипедтер арнайы кедергілерді еңсеруге және тегіс емес жолдарда жүруге арналған.

Бұған дейінгі рекорд 19 минут 4 секунд болған. Ал Орелен Фонтено бұл қашықтықты 12 минут 30 секундта бағындырып, нәтижені 6 минут 34 секундқа жақсартты.

Ақпарат үшін, Фонтено үш дүркін әлем вице-чемпионы болып табылады және trial cycling бағытында көптеген халықаралық жарыстарға қатысқан.

Оның Эйфель мұнарасындағы бұл жетістігі француз спорт қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланып, Париждің символикалық ғимаратында орнатылған алғашқы ресми велоспорттық рекорд ретінде тіркелді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Францияда спортшы Эйфель мұнарасына велосипедпен шығып, рекорд орнатты