date

Ауғанстанда университет оқытушыларына жұмыс уақытында смартфон қолдануға тыйым салынды

Ауғанстанда университет оқытушыларына жұмыс уақытында смартфон қолдануға тыйым салынды

Ауғанстанда билеуші "Талибан" қозғалысы жоғары білім беру жүйесінде жаңа ережелерді енгізді. Afghanistan International басылымының хабарлауынша, елдің Жоғары білім министрлігі университет оқытушылары мен төртінші деңгейден төмен әкімшілік қызметкерлерге жұмыс уақытында смартфон қолдануға тыйым салған.

Министрлік құжаттарында смартфондарды пайдалану "жұмыс процесін қиындатып, қызметкерлердің назарын басқа жаққа аударады" делінген. Сондықтан профессор-оқытушылар мен колледждердің әкімшілік қызметкерлері жұмыс уақытында телефон әкелуге немесе пайдалануға құқығы жоқ. Жоғары лауазымды қызметкерлерге смартфонды пайдалануды кезең-кезеңімен азайту ұсынылды.

"Ғылым қызметкерлері өз қызмет орындарында смартфон қолданбауы керек," - делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.

Айта кетейік, "Талибан" смартфондардан бас тарту мәселесін бұған дейін де талқылаған. Қозғалыс жетекшісі Хайбатулла Ахундзада өткен жылы дін қызметкерлеріне "смартфондардан діни негізде бас тартудың жолын табу" туралы нұсқау берген еді.

Соңғы күндері Ауғанстанда интернет қызметтерінің шектелуі және кейбір телеарналардың жұмысында үзілістер байқалуда. "Талибан" билікке келгелі бері білім беру, ақпараттық технологиялар және жеке бас бостандығы салаларында қатаң шектеулер енгізіліп келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ауғанстанда университет оқытушыларына жұмыс уақытында смартфон қолдануға тыйым салынды