date

Сырын ChatGPT-ге айтқан студент түрмеге түсті

Сырын ChatGPT-ге айтқан студент түрмеге түсті

АҚШ-тағы Миссури университетінің 19 жастағы студенті жасанды интеллектпен әңгімесі арқылы әшкереленді. The Smoking Gun басылымының жазуынша, соттағы басты айғақ — оның ChatGPT-дегі жазбалары болған, тергеушілер мұны айыбын мойындау ретінде бағалаған.

Мәліметке сүйенсек, студент университет қалашығында вандализм жасаған: ол 17 автокөлікті бүлдіріп, терезелерін сындырған және кузовтарын майыстырған. Бақылау камералары оның оқиға орнында болғанын көрсеткен, алайда шешуші дәлел — ChatGPT арқылы жазған хабарламалар болған.

Оқиғадан кейін ол чат-боттан «Мені түрмеге жаба ма?» деп сұраған және «Ол ақымақ машиналарды мен сындырдым» деп жазған.

Жас жігітке әдейі мүлікке зиян келтіру бабы бойынша айып тағылып, Грин округтік түрмесіне қамалған. Сот оны 7500 доллар кепіл арқылы босатуы мүмкін.

Басылым атап өткендей, АҚШ-та тергеушілер хат-хабарларға күдіктінің келісімімен қол жеткізеді. Германияда бұл тек соттың рұқсатымен ғана мүмкін. Сонымен қатар, Бремен Жоғарғы Жер Сотының шешіміне сәйкес, кей жағдайларда полиция күдіктінің телефонын оның саусақ ізі арқылы мәжбүрлі түрде аша алады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Сырын ChatGPT-ге айтқан студент түрмеге түсті