date

Еуропалық Одақ: Тәжікстан Путинді тұтқындамай, шартты бұзды

Еуропалық Одақ: Тәжікстан Путинді тұтқындамай, шартты бұзды

Еуропалық Одақ өкілдері Тәжікстанның Владимир Путинді қамауға алмау туралы шешіміне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ЕО Сыртқы істер қызметінің баспасөз хатшысы Анитта Хиппер мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей президенті Халықаралық қылмыстық соттың ордерімен іздеуде болғанына қарамастан, Душанбе сапары кезінде қамауға алынбаған. Тәжікстан болса, ХҚС мүшесі ретінде сот жарғысында көрсетілген міндеттемелерді орындауы керек еді.

«Еуропалық Одақ Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысы кезінде жасаған барлық қылмыстары үшін жауапкершілікті қамтамасыз етуді қолдайды. Адам құқықтарының бұзылмауы, құрбандардың әділетке жетуі және мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін халықаралық тергеулерді қолдау маңызды», — деді Хиппер мәлімдемесінде.

ЕО сондай-ақ Халықаралық қылмыстық сот прокурорының Украинадағы тергеулерін қолдауды жалғастыратынын және барлық мемлекеттерді сотпен ынтымақтастыққа шақыратынын айтты.

Айта кетсек, 2023 жылдың 17 наурызында Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен балалар құқықтары жөніндегі комиссар Мария Львова-Беловаға қамауға алу ордерін берген еді. Оларға украиналық балаларды мәжбүрлі депортациялау айыбы тағылған.

Сондай-ақ, Тәжікстанға дейін де Путин Моңғолия сапары кезінде қамауға алынбаған болатын. Бұл жағдай халықаралық деңгейде әртүрлі пікірталастарға себеп болды — кейбіреулер мұны саяси сақтық деп санаса, басқалары халықаралық құқық нормаларының ашық бұзылуы ретінде бағалайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Еуропалық Одақ: Тәжікстан Путинді тұтқындамай, шартты бұзды