date

Қытайда апаттан кейін Xiaomi SU7 көлігі өртеніп кетті

Қытайда апаттан кейін Xiaomi SU7 көлігі өртеніп кетті

Қытайдың батыс бөлігінде орналасқан Чэнду қаласында Xiaomi SU7 Ultra электромобилімен ауыр апат болды. Мәліметтерге қарағанда, жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік Тяньфу даңғылында бөгетке соғылып, өртеніп кеткен.

Ең өкініштісі, электронды жүйе апаттан кейін есіктерді автоматты түрде құлыптап қойған, нәтижесінде жүргізуші көліктен шығып үлгермей, оқиға орнында қаза тапты.

Оқиғадан кейін өрт сөндіру қызметі қысқа уақытта жеткен, бірақ көлік толығымен жанып кеткен.

Қайғылы жағдайдан кейін Xiaomi акциялары шамамен 9 пайызға арзандады. Компания оқиға бойынша тергеу бастағанын хабарлады. Кейбір сарапшылар бұған адам факторы себеп болуы мүмкін екенін айтуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қытайда апаттан кейін Xiaomi SU7 көлігі өртеніп кетті