date

Трамп Таяу Шығыста бейбіт келісімді жариялады

Трамп Таяу Шығыста бейбіт келісімді жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығысқа сапары кезінде Газа жөнінде жаңа келісімді жариялады. Келісім бойынша соғыс тоқтатылады, израильдік тұтқындар босатылады және палестиналық тұтқындар қайтарылады. Трамп бұл күнді «тарихи» деп атады.

Трампты Тель-Авивте Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қарсы алды. Израиль парламентінде сөйлеген ол соғыстың аяқталғанын айтып, «Жаңа Таяу Шығыс» басталды деді.

Содан кейін Трамп Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласына барды. Мұнда Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздер өтті. Салтанатқа Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси де қатысты.

Сарапшылар бұл келісімді маңызды қадам деп санайды, бірақ аймақта бейбітшілікті сақтау әлі де қиын мәселе болып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп Таяу Шығыста бейбіт келісімді жариялады