date

Пәкістан мен Ауғанстан бітім мерзімін тағы ұзартты

Пәкістан мен Ауғанстан бітім мерзімін тағы ұзартты

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы уақытша бітім режимі тағы да ұзартылды, деп хабарлады Dawn газеті. Бұл шешім Ауғанстандағы Талибан үкіметінің өтініші бойынша қабылданғаны хабарланды.

Дереккөздерге қарағанда, жанжалды шешу бойынша келіссөздер Қатар астанасы Доха қаласында өтеді. Пәкістан делегациясы қазірдің өзінде келді, ал Ауғанстан өкілдері 18 қазанда келеді деп күтілуде.

Бітімгершілік келіссөздердің соңына дейін әрекет етеді. Айта кетейік, 15 октябрьде екі ел алдағы 48 сағатқа атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізген еді.

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы қақтығыстар 11 октябрь күні кешке басталып, келесі күні таңертеңге дейін созылды. Ауғанстан ресмилерінің айтуынша, ұрыс кезінде кемінде 12 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған.

Қазіргі уақытта екі ел жағдайды келіссөздер арқылы тұрақтандыруға тырысып жатқаны айтылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Пәкістан мен Ауғанстан бітім мерзімін тағы ұзартты