date

Португалия паранжа мен никабқа тыйым салуы мүмкін

Португалия паранжа мен никабқа тыйым салуы мүмкін

Португалияда қоғамдық орындарда жүзді жауып тұратын киімдер — бурка, никаб және соған ұқсас киімдер — тыйым салынуы мүмкін, деп жазады The Guardian.

Бұл заң жобасын оңшыл “Чега” партиясы ұсынған. Партия өкілдерінің айтуынша, жүзді жасыру әйелдердің еркіндігі мен теңдігі қағидаларына қайшы келеді. Алайда парламенттегі солшыл партиялар бұл пікірмен келіспеген.

Құжатта «жыныстық немесе діни себептермен жүзді жабу» туралы айтылған. Журналистердің хабарлауынша, ережені бұзғандарға 200-ден 4000 еуроға дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ, әйелдерді діни киім киюге мәжбүрлегендерге үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң жобасына сәйкес, кей жағдайларда жүзді жабуға рұқсат етіледі — мысалы, ұшақ ішінде, дипломатиялық өкілдіктерде немесе діни ғибадат орындарында.

Қазіргі уақытта құжат Португалия Президенті Марселу Ребелу де Соузаның қол қоюына жіберілді. Бірақ журналистердің айтуынша, Президент оған вето қойып, Конституциялық сотқа қайта қарауға жіберуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, Португалияда бурка немесе никаб киетін әйелдер саны өте аз, бірақ бұл мәселе басқа Еуропа елдеріндегідей пікірталас тудыруы ықтимал.

Жергілікті қоғамда бұл бастама еркіндік пен жеке таңдау мәселесіне айналды. Бір тарап діни еркіндікті қорғауды маңызды десе, екіншісі қауіпсіздік пен ашықтықты басты орынға қояды.

Заңның қабылдануы Португалияны бурка киюге тыйым салынған Франция мен Бельгия сияқты Еуропа елдерінің қатарына қосуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Португалия паранжа мен никабқа тыйым салуы мүмкін