date

"Енді бұл елдің азаматы емеспін" - АҚШ азаматтығынан бас тартушылар саны артып келеді

"Енді бұл елдің азаматы емеспін" - АҚШ азаматтығынан бас тартушылар саны артып келеді

Шетелде тұрақты тұратын АҚШ азаматтары арасында саяси себептермен Америка азаматтығынан бас тартушылар саны күрт өсуде.

The Washington Post басылымының жазуынша, жыл сайын шамамен 5-6 мың америкалық ресми түрде азаматтығынан шығуға өтініш береді. Бұрын салық және ұйымдастыру мәселелері негізгі себеп ретінде айтылса, соңғы кездері саяси наразылық бұл шешімнің басты себебіне айналды.

Иммиграция бойынша заңгерлердің айтуынша, бұл үрдіс соңғы екі жылда күшейе түскен. Олар азаматтығынан бас тарту үдерісінің қымбат әрі күрделі екенін, бірақ соған қарамастан мұндай шешімге келушілер көбейіп жатқанын атап өтті.

Greenback халықаралық консалтинг компаниясы жүргізген сауалнамаға сәйкес, америкалықтардың 51 пайызы 2024-2025 жылдар аралығында АҚШ-тағы саяси ахуалға наразы болғандықтан азаматтықтан шығу туралы ойланған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай АҚШ-тағы ішкі саяси шиеленіс, партияаралық қарама-қайшылықтар, әлеуметтік тұрақсыздық және сыртқы саясатқа деген сенімсіздікпен байланысты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » "Енді бұл елдің азаматы емеспін" - АҚШ азаматтығынан бас тартушылар саны артып келеді