date

Израиль министрі: "Тұтқындар босатылды, енді соғысты жалғастырамыз"

Израиль министрі: "Тұтқындар босатылды, енді соғысты жалғастырамыз"

Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен Гвир Газа секторындағы әскери іс-қимылдарды қайта бастауға шақырды. Оның айтуынша, кепілге алынғандардың босатылуымен Израиль енді ХАМАС-қа қарсы соғысты одан әрі қатаң түрде жалғастыруы керек.

Израиль армиясы да соңғы сағаттарда Газа аймағындағы ондаған нысанға әуе соққыларын жасағанын хабарлады. Шабуыл кезінде 120-дан астам оқ-дәрі қолданылған.

Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісім 2025 жылдың 10 октябрінде күшіне енді. Алайда 19 қазанда Израиль әскері Рафах аумағына әуе шабуылдарын ұйымдастырды. The Times of Israel басылымының жазуынша, бұл соққылар Израильге жасалған шабуылдарға жауап ретінде жасалған.

Соңғы оқиғалардан кейін Израиль билігі соғыс тоқтату режимін қайта қалпына келтіретінін мәлімдеді, бірақ кез келген шабуылға немесе келісімді бұзуға қатаң жауап берілетінін атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Израиль министрі: "Тұтқындар босатылды, енді соғысты жалғастырамыз"