date

Трампқа қауіп пе? Әуежай маңында снайпер мұнарасы анықталды

Трампқа қауіп пе? Әуежай маңында снайпер мұнарасы анықталды

АҚШ құпия қызметі Флорида штатында орналасқан Палм-Бич әуежайының маңында күдікті снайперлік мұнараны анықтады. Бұл туралы ABC News телеарнасы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, мұнара Дональд Трамптың ұшақтан түсуі күтілген жерге қаратылып орнатылған. Табылған олжа Трамптың сапарына бір күн қалғанда табылды.

Федералдық іздестіру бюросының директоры Кеш Пательдің айтуынша, әзірге бұл мұнараның қандай тұлғаға немесе ұйымға тиесілі екені белгісіз. Тергеу амалдары жалғасуда.

NBC News дереккөздерінің айтуынша, снайперлік мұнара әуежай жолының арғы жағында - жеке ұшақтар, соның ішінде Трамптың жеке ұшағы тұратын аумаққа қарама-қарсы орналасқан.

Құқық қорғау органдары қазір аумақты толық тексеріп, ықтимал қауіп көздерін анықтаумен айналысуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трампқа қауіп пе? Әуежай маңында снайпер мұнарасы анықталды