date

Канада басшысы Израиль премьер-министріне қатаң мәлімдеме жасады

Канада басшысы Израиль премьер-министріне қатаң мәлімдеме жасады

Канада премьер-министрі Марк Карни Израиль басшысы Биньямин Нетаньяху елге келген жағдайда оны Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) қаулысы негізінде қамауға алатынын мәлімдеді, деп хабарлады Toronto Sun.

Бұл мәлімдеме Канадада үлкен пікірталас тудырды. Бірқатар жергілікті басылымдар, соның ішінде Toronto Sun, Карниді "өз жеке көзқарастарын Канаданың ұлттық мүдделерінен жоғары қоюда" айыптады.

Басылымның айтуынша, Вашингтонмен қарым-қатынас әлі де күрделі жағдайда тұрғанда, Карни АҚШ президенті Дональд Трамптың жақын одақтасы саналатын Нетаньяхуға қарсы шара қолдану туралы айтып отыр. Газет бұл шешімді "саяси себептерге байланысты күмәнді соттың күмәнді үкімдері" деп атады.

Ақпарат үшін, 2024 жылдың ноябрінде ХСП Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантқа Газадағы әскери қылмыстар үшін ресми айып тағып, оларды қамауға алу туралы ордер шығарған. Канада бұл шешімді сол кезде-ақ қолдады.

Марк Карни өз мәлімдемесінде Канада халықаралық құқық нормаларына адал екенін атап өтіп, "заң үстемдігі сөзде емес, іс жүзінде көрінуі керек" деді.

Израиль тарапы ХСҚ-ның шешімін үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Тель-Авивтің пікірінше, сот саяси қысыммен жұмыс істеп жатыр және оның үкімдері шынайы заңды күшіне ие емес.

Сарапшылардың пікірінше, Канада басшысының бұл мәлімдемесі Батыс елдері арасындағы қарым-қатынаста жаңа саяси дау тудыруы мүмкін. Карнидің өткір ұстанымы Оттава мен Вашингтон арасында жаңа дипломатиялық келіссөздерді талап етеді.

Саяси сарапшылар бұл оқиғаны Канаданың сыртқы саясатындағы "жаңа тәуелсіз бағыттың" белгісі ретінде бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Канада басшысы Израиль премьер-министріне қатаң мәлімдеме жасады