date

Соғыстан кейін Ғаза ауруханалары ауыр жағдайда

Соғыстан кейін Ғаза ауруханалары ауыр жағдайда

Газада ұрыстар тоқтағанына қарамастан, мыңдаған науқастар, әсіресе балалар ауыр жағдайда қалып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, 15 мыңнан астам адамды шұғыл емделу үшін шетелге шығару керек. Алайда бұған әлі рұқсат берілмеген.

Нассер ауруханасында 10 жастағы Амар Абу Саид емделіп жатыр. Ол отбасымен бірге шатырда отырғанда оқ тиіп, мойнынан төмен сал болып қалған. Анасының айтуынша, оған күрделі операция қажет, бірақ Газада оған жағдай жоқ.

Соғыс салдарынан Газадағы ауруханалар ауыр жағдайда. Дәрі-дәрмек, құрал-жабдық пен электр жетіспейді. Дәрігерлер науқастың сырқатын білсе де, емдеуге мүмкіндік жоқ.

Жуырда Газадан 41 науқас Иорданияға шығарылды. Мамандар бұл тым аз екенін, көбірек науқастарды шығару қажет екенін айтуда. Олардың пікірінше, егер рұқсат берілсе, Газалық науқастарды Құдыс пен Батыс Жағалаудағы ауруханаларда емдеуге болады.

Ал Израиль болса Рафах шекара бекетін ашпады. Үкімет бұған ХАМАС өз міндеттемелерін орындамағанын себеп етіп көрсетуде. Осы арада өткен жыл ішінде 740 адам, оның ішінде 140 бала, емделу үшін шығуды күткен уақытта қайтыс болған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Соғыстан кейін Ғаза ауруханалары ауыр жағдайда