date

Денсаулыққа қауіпті арықтау дәрілері тәркіленді

Денсаулыққа қауіпті арықтау дәрілері тәркіленді
Нортгемптон қаласында заңсыз арықтау дәрілерін шығаратын алғашқы зауыт анықталып, толық жабылды. Бұл операция Ұлыбританияның Денсаулық сақтау өнімдері агенттігі тарапынан жүргізіліп, әлем бойынша ең ірі заңсыз дәрі тәркілеу оқиғасы ретінде тіркелді.

Зауыттан ондаған мың химиялық заттар мен клиенттерге жіберілуге дайын 2000-нан астам лицензиясыз Retatrutide және Tirzepatide атты арықтау дәрілері табылды. Мамандардың айтуынша, бұл дәрілер сыналмаған, қауіпті және денсаулыққа зор қатер төндіреді.

Қылмыспен күрес бөлімінің басшысы Энди Морлингтің айтуынша, бұл желіні тоқтату арқылы ондаған мың адамның өмірі сақталып қалды. Ол мұндай заңсыз өнімдер әлемдік нарықта үлкен табыс әкелетінін, бірақ денсаулық үшін өте қауіпті екенін айтты. Үкімет өкілдері мұны “адамдардың өмірін қауіпке тіккен қылмыскерлерге қарсы маңызды жеңіс” деп атады.

Мамандар халыққа интернет арқылы дәрі сатып алғанда абай болуды және тек тіркелген дәріханалардан дәрі алуды ұсынады. Ресми тұлғалар “дәрігердің кеңесінсіз алынған дәрі денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді” деп ескертті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Денсаулыққа қауіпті арықтау дәрілері тәркіленді