date

АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс жеңілдей ме?

АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс жеңілдей ме?
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы ұзаққа созылған сауда соғысын жеңілдету және жаңа келісімге келу басты назарда болды. Тараптар «өзара мәселелерді шешу жөнінде келісімге келгендерін» хабарлады.

Трамп бұған дейін қытай тауарларына 100 пайыздық баж салығын енгізуді жоспарлаған еді, бірақ АҚШ Қаржы министрі бұл шара жүзеге аспайтынына үміт білдірді. Соңғы айларда екі ел арасындағы баж салығы, технология және «TikTok» қосымшасы мәселелері бойынша шиеленіс күшейе түсті.

Мамандардың пікірінше, бұл кездесу жаһандық экономика үшін маңызды мәнге ие. Келіссөздер барысында жартылай өткізгіштер, сирек металдар саудасы және «TikTok»-тың АҚШ-тағы қызметі де талқыланды. Сарапшылар бұл кездесу екі ел арасындағы бәсекелестікті азайтуға түрткі болуы мүмкін екенін айтады.

Соған қарамастан, экономистер Трамп пен Си арасындағы келісім ұзақ мерзімді тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етпейтінін атап өтуде. Олардың пікірінше, АҚШ пен Қытай арасындағы бәсеке алдағы жылдары да технология және сауда салаларында жалғаса береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс жеңілдей ме?