
30 қазан күні Нью-Йорк қаласында қатты жаңбыр жауып, кемінде екі адамның өмірін қиды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Бруклинде 39 жастағы ер адам су басқан жертөледе, ал Манхэттенде 43 жастағы ер адам қазанханада қаза болған.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, кейбір аймақтарда жауын мөлшері рекордтық деңгейге жеткен. Орталық саябақта 45,7 мм, ал Ла-Гуардия әуежайында 50 мм жауын-шашын тіркелген. Бұл көрсеткіштер 1917 және 1955 жылдардағы рекордтардан жоғары.
Қатты жаңбыр салдарынан көптеген көшелер мен метро станциялары су астында қалған. Кейбір үйлердің төменгі қабаттарына да су кіріп, тұрғындарға қолайсыздық туғызған.
Жергілікті билік тұрғындарға төмен аймақтардан аулақ болуды және жолдарда абай болуды ұсынады. Сарапшылар мұндай құбылыстар климаттың өзгеруінің салдары екенін айтуда.