date

Мас ер адам Мексика президентін ұстады

Мас ер адам Мексика президентін ұстады

Мехико қаласында ерекше оқиға орын алды, деп хабарлады «Associated Press».

Мексика Президенті Клаудия Шейнбаум ел астанасының тарихи орталығында тұрғындармен сөйлесіп тұрған сәтте мас күйдегі ер адам арт жағынан келіп, оған орынсыз қылық жасаған.

Бейнежазбада ер адамның Президентті сүйгісі келгендей еңкейіп, қолымен оған тиіп кеткені көрінеді. Ал Шейнбаум бұл әрекетті сыпайы түрде қабылдамай, ер адамның қолын итеріп, «Уайымдамаңыз» деген сөздермен жағдайды жұмсартуға тырысқан.

Үкімет өкілдерінің бірі оқиғаға араласқан, алайда Президент әкімшілігі әзірге бұл жағдайға ресми түсініктеме берген жоқ.

Айта кетсек, Клаудия Шейнбаум өзінен бұрынғы басшы және саяси ұстазы Андрес Мануэль Лопес Обрадор сияқты халықпен тікелей қарым-қатынас орнатуды жөн көреді. Ол жиі халық арасына шығып, суретке түседі және қол алып амандасады.

Дегенмен бұл жолы қауіпсіздік қызметі жағдайға дер кезінде араласа алмауы назардан тыс қалған жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Мас ер адам Мексика президентін ұстады