date

Санкт-Петербургте шетелдік курьерлердің қызметі шектелді

Санкт-Петербургте шетелдік курьерлердің қызметі шектелді

3 ноябрьден бастап Санкт-Петербургте жеткізу саласында жұмыс істейтін бірқатар мигранттар үшін жаңа тыйым күшіне енді. "Аргументы и факты" басылымының жазуынша, "Самокат" және "Яндекс Еда" сияқты ірі сервистер енді шетелдік азаматтарға ауысымға шығуға және тапсырыс қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Яғни, қосымша арқылы жұмыс істеген Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова және Украина азаматтары енді бұл платформаларда жұмыс істей алмайды. Бірақ бұл шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің азаматтарына қолданылмайды - олар бұрынғыдай патентсіз жұмыс істеуге құқылы болады.

Бұл қаулыға алғаш рет август айында Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов қол қойған болатын. Оған сәйкес, қалада мигранттардың курьерлік және такси қызметтерінде жұмыс істеуі шектеледі, ал компанияларға кадр саясаты мен ішкі жүйені жаңарту үшін үш ай уақыт берілді.

Қала әкімшілігі бұл шараны жасырын жұмыспен қамтуды азайту, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және жергілікті тұрғындар, әсіресе жастар мен студенттер үшін қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында енгізгенін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа жүйе мигранттар ағынын азайтады, бірақ бұл жетіспейтін кадрлар мәселесін одан әрі күшейтеді. Өйткені, курьерлік қызмет Санкт-Петербургтегі қарқынды дамып келе жатқан қызметтер желісінің негізгі бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта жергілікті билік бұл шектеудің уақытша екенін және жаңа жұмыс жүйесі сәтті енгізілгеннен кейін шарттар қайта қаралуы мүмкін екенін айтуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Санкт-Петербургте шетелдік курьерлердің қызметі шектелді