date

«Әлем аруы» байқауындағы жанжал: Вице-президент қатысушыны қорлады (видео)

«Әлем аруы» байқауындағы жанжал: Вице-президент қатысушыны қорлады (видео)

Таиландта өтiп жатқан «Miss Universe 2025» байқауы жанжалмен басталды, деп хабарлады International Business Times.

5 қараша күні Бангкокта өткен қарсы алу рәсiмiнде ұйымның вице-президентi Науат Ицарагрисил Мексика өкiлi Мелисса Флорес Бошты көпшiлiк алдында «ақымақ» деп қорлаған. Оқиға тiкелей эфирде болған.

Мәлiметтерге қарағанда, дау Мелиссаның демеушiлердiң фотосессиясына қатыспағаны үшiн шыққан. Науат одан камера алдында түсiнiктеме беруiн талап еткен, бiрақ қыз бас тартқанда, ол сөзiн бөлiп, қорлау айтқан және күзетшiлерге оны залдан шығарып жiберудi бұйырған.

Мелисса залдан кеткеннен кейiн, оның артынан 2024 жылғы «Miss Universe» жеңiмпазы Виктория Кьер Тейлвиг бастаған бiрнеше қатысушы да кетiп қалған.

Мексика өкiлi кейiн былай деген:
«Мен XXI ғасырда өмiр сүрiп жатырмын және сөйлесуден қорықпаймын. Бұл байқау әйелдердiң дауысы естiлетiн орын болу керек, қуыршақтар сахнасы емес».

Жанжалдан кейiн әлеуметтiк желiлерде «Miss Universe» ұйымын сынға алған жазбалар көбейген. Көптеген қолданушылар мұндай жағдай байқаудың беделiне қатты нұқсан келтiрiп, әйелдерге деген құрметсiздiктi көрсеттi деп атап өткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » «Әлем аруы» байқауындағы жанжал: Вице-президент қатысушыны қорлады (видео)