date

Израиль Түркия прокуратурасының Нетаньяхуды қамауға алу туралы шешіміне қатаң жауап берді

Израиль Түркия прокуратурасының Нетаньяхуды қамауға алу туралы шешіміне қатаң жауап берді

Таяу Шығыстағы саяси жағдай одан сайын шиеленісе түсті. Израиль сыртқы істер министрі Гидеон Саар Стамбул бас прокуратурасы тарапынан Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды және бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерді қамауға алу туралы шығарылған бұйрықты қатаң сынға алды.

Саар өзінің әлеуметтік желідегі үндеуінде бұл әрекетті Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның кезекті "пиар спектаклі" деп атады. Оның айтуынша, бұл шешім саяси негізге ие және әділеттілікпен мүлдем байланысты емес.

Израиль министрінің айтуынша, Түркияның сот жүйесі соңғы жылдары саяси қарсыластарын физикалық және құқықтық жағынан қысымға алу құралына айналды. "Ердоғанның билігі кезінде соттар еркіндік емес, тежеу және жазалау құралына айналды. Ол журналистердің, мэрлер мен судьялардың пікір білдіру құқығын шектеді," - деп қосты Саар.

Ол Стамбул мэрі жақында ғана президентке қарсы шыққаны үшін ғана қамауға алынғанын еске салып, бұл жағдайды Түркиядағы саяси жүйенің бейтарап еместігіне дәлел ретінде келтірді.

7 ноябрьде Стамбул бас прокуратурасы 37 израильдік шенеунікті, соның ішінде Биньямин Нетаньяхуды, қорғаныс министрі Исраэль Кацты, ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирді және армия бас штабының басшысы Эял Замирді қамауға алуға ордер бергені хабарланған еді.

Түркия тарапы оларды Газа секторындағы әрекеттер арқылы "геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар" жасады деп айыптап отыр. Сондай-ақ олардың кейбіріне Палестина аумағындағы Сумуд флотилияларының кемелеріне қатысты жасалған құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік жүктелуде.

Сонымен қатар, Нетаньяхуға қатысты Халықаралық қылмыстық сот (ХЖС) шығарған қамауға алу қаулысы да әлі күшінде. Сот шешімдерінде Израиль премьер-министрінің 2023 жылдың 8 октябрінен 2024 жылдың 20 майына дейін "адамзатқа қарсы қылмыстар мен әскери құқықбұзушылықтар" бойынша күдікке ілінгені айтылған.

Тель-Авив болса бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып, ХСҚ-ның ұстанымын "саясиланған және антисемитизм әсері бар шешім" деп атады. Израиль ресмилерінің пікірінше, бұл әрекеттер елді саяси тұрғыдан оқшаулауға бағытталған.

Әзірге Анкара тарапы бұл сынға жауап берген жоқ. Бірақ бақылаушылар бұл оқиға Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынасты одан әрі суытуы мүмкін екенін айтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Израиль Түркия прокуратурасының Нетаньяхуды қамауға алу туралы шешіміне қатаң жауап берді