date

Әлемдегі ең көп тұрғыны бар 10 қаланың атауы анықталды

Әлемдегі ең көп тұрғыны бар 10 қаланың атауы анықталды

Индонезия астанасы Джакарта әлемдегі ең тығыз қоныстанған қалалар рейтингінде Токионы артта қалдырды. БҰҰ мәліметі бойынша, Джакарта мегаполисінде 42 миллион халық тұрады.

Одан кейінгі орында 37 миллион халқы бар Бангладеш астанасы Дакка, үшінші орында 33 миллион халқы бар Токио орналасқан. Айта кетейік, 2018 жылғы есепте бірінші орын Токиоға тиесілі болған.

Есепке сәйкес, 1950 жылы әлем халқының шамамен 20 пайызы қалада тұрса, қазір бұл көрсеткіш 50 пайызға жетті. 2050 жылға қарай әлем халқы өсімінің үштен екісі қалаларда болады деп күтілуде.

Халық саны ең көп 10 қала - Джакарта, Дакка, Токио, Жаңа Дели, Шанхай, Гуанчжоу, Каир, Манила, Калькутта және Сеул - оның тоғызы Азия континентінде орналасқан.

БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Ли Жунхия:

"Қалалану - біздің заманымызды анықтайтын негізгі күш. Егер оны дұрыс басқару мүмкін болса, климаттың өзгеруі, экономикалық даму және әлеуметтік әділеттілік үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуы мүмкін."

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Әлемдегі ең көп тұрғыны бар 10 қаланың атауы анықталды