date

Иранда әйелдердің орамалсыз марафонға қатысуы үлкен дау тудырды

Иранда әйелдердің орамалсыз марафонға қатысуы үлкен дау тудырды

Иранда өткөн ірі марафон күтпеген жерден қоғамдық талқылаудың орталығына айналды. Киш аралындағы жүгіру марафонында кейбір әйелдердің хижабсыз қатысуына байланысты ұйымдастырушылар қамауға алынғаны туралы “Iran International” хабарлады.

Марафонға шамамен 2 мың әйел және 3 мыңнан астам ер адам қатысқан. Кейбір қатысушы әйелдердің қызыл футболкамен және хижабсыз жүгіруі елде өткір пікірталас тудырды.

Қоғамның бір бөлігі бұл жағдайды әйелдердің еркіндікке деген талабы ретінде қолдады. Олар мұны үкімет бекіткен киім ережелеріне қарсы ашық наразылық деп есептейді.

Алайда билік бұл әрекетті мүлде жол берілмейтін іс деп бағалады. Хижаб ережелерінің бұзылуы ғана емес, жалпы жарыстың өткізілуінің өзі де “қоғамдық моральға қайшы” деп сынға алынды.

Осыдан кейін сот органдары марафон ұйымдастырушыларына шара қолданып, оларды қамауға алды.

Хижаб мәселесі соңғы жылдары Иран қоғамын екі қарама-қарсы лагерьге бөлген негізгі тақырыптардың бірі болып отыр. Ережелер кейде жұмсартылып, кейде қайта қатайтылып отырады.

Еске сала кетейік, 2022 жылы ел бойынша бірнеше айға созылған наразылықтар хижаб ережелерін бұзды деген айыппен ұсталған Махса Аминидің өлімінен кейін басталған еді. Оның өлімі әлі күнге дейін қоғам жадында сақталған.

Наразылықтар күшпен тоқтатылғанына қарамастан, көптеген ирандық әйелдердің бүгін де ережелерді сақтамайтыны айтылуда. Бұл биліктің кезекті қатаң реакцияларына себеп болуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Иранда әйелдердің орамалсыз марафонға қатысуы үлкен дау тудырды