date

Хиджаб мәселесі тағы да пікірталас ортасында: Австрия жаңа шектеу енгізбекші

Хиджаб мәселесі тағы да пікірталас ортасында: Австрия жаңа шектеу енгізбекші

Австрияда 14 жасқа дейінгі қыздарға мектептерде хиджаб киюге тыйым салатын жаңа заң жобасы әзірленуде. Reuters және European Pravda хабарлауынша, билеуші коалиция бұл құжатты жақын күндері парламенттің талқылауына енгізуді жоспарлап отыр. Бұл шектеу іс жүзінде қабылданса, шамамен 12 мың оқушыға әсер етеді.

Бастаманы жақтаушылар бұл шараны "қыздардың еркіндігін қорғау" ретінде бағалап отыр. Либерал Неос партиясының жетекшісі Янник Шеттидің пікірінше, мектепте діни міндеттемелерден азат орта құрылуы керек. Ал ультраоңшыл Азаттық партиясы (ОП) хиджабқа тыйым салуды "бірінші қадам" деп санап, кейін оны одан әрі кеңейтуді қолдайды.

Сонымен қатар, бұл шешім елеулі наразылық тудырды. Австрия Ислам діни қоғамы тыйымды конституциялық құқықтар мен діни бостандыққа қайшы деп атады. Олар 2020 жылы 10 жасқа дейінгі қыздарға қатысты енгізілген ұқсас тыйымды Конституциялық сот "мұсылмандарға қарсы кемсітушілік" ретінде жойғанын еске салады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Хиджаб мәселесі тағы да пікірталас ортасында: Австрия жаңа шектеу енгізбекші