date

Делси Родригес Венесуэланың уақытша президенті міндетін атқарады

Делси Родригес Венесуэланың уақытша президенті міндетін атқарады

Венесуэланың Жоғарғы соты елдің вице-президенті Делси Родригеске Николас Мадуро жоқ кезде мемлекет басшысы міндетін атқару туралы шешім қабылдады. Сот мәлімдемесіне сәйкес, Родригес «басқарудың сабақтастығын қамтамасыз ету және елді жан-жақты қорғау үшін президенттік өкілеттікті өз мойнына алады».

Бұл шешімге дейін, сенбі күні Делси Родригес Венесуэланың мемлекеттік телеарнасы арқылы халыққа үндеу жасап, Николас Мадуро елдің жалғыз заңды президенті болып қала беретінін, алайда өзі оның орынбасары ретінде үкіметті басқаруға дайын екенін мәлімдеген. Ол АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы «қарулы агрессиясын» айыптап, үкімет халықты қорғауға дайын екенін атап өтті.

Родригестің бейнеүндеуін оның ағасы — Венесуэла парламентінің төрағасы Хорхе Родригес, елдің ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо және қорғаныс министрі Владимир Падрино Лопес қолдап, барлығы бірге біртұтас күш ретінде көрсетілді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға қатысты сұраққа жауап бере отырып, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Венесуэланың вице-президенті Делси Родригеспен сөйлескенін және ол сөз жүзінде «Америка Венесуэланы қайтадан ұлы ету үшін не қажет деп санаса, соны жасауға дайын» дегенін айтқан. Трамп сондай-ақ қажет болған жағдайда Венесуэлаға АҚШ әскерін енгізу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Осы уақытта Венесуэла мен АҚШ арасындағы ушығып тұрған саяси қатынастар жаңа кезеңге көтерілуде. Венесуэладағы саяси ахуал әлемдік саясатты одан әрі күрделендіріп, халықаралық мәселелердің басымдықтарын өзгерте алатын күтпеген қадамдарға алып келуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Делси Родригес Венесуэланың уақытша президенті міндетін атқарады