date

Португалияда Роналду мүсінін өртеген жігіт табылды

Португалияда Роналду мүсінін өртеген жігіт табылды

Португалияның Мадейра аралында орналасқан CR7 музейі алдында оғаш және қоғамды дүр сілкіндірген оқиға байқалды. Белгісіз адам Криштиану Роналду мүсініне от қоюға әрекеттенген. Ол оқиғаны видеоға түсіріп, кейін оны әлеуметтік желілерде де жариялағаны айтылуда. Бұл туралы UOL басылымы хабар берді.

Мәліметтерге сәйкес, ер адам видеоны өзінің Instagram парақшасына орналастырып, түсіндірме бөлімінде “Бұл Құдайдың соңғы ескертуі”, деп жазған және Криштиану Роналдудың ресми аккаунтын белгілеген. Оның бұл жазуы да, әрекеті де көпшілікте түрлі сұрақтар туғызды.

Бейнежазбада жігіт Роналду мүсінінің үстіне жанғыш сұйықтық сеуіп, кейін оны өртеп жіберіп жатқаны анық көрінеді. Бұдан соң ол музыка қойып, билей бастаған. Алайда өрт ұзаққа созылмаған — жалын көп ұзамай бәсеңдеп, сөніп қалған. Айтылуына қарағанда, мүсінге елеулі зиян келмеген, үлкен зақым тіркелмеген.

Еске саламыз, бұл мүсін португалиялық футболшының туған жері саналатын Мадейра аралының Фуншал қаласында орнатылған. Бұл орын туристер ең көп келетін нүктелердің бірі болып саналады. CR7 музейі алдындағы мүсін де дәл осы себепті үнемі назарда болады. Музейдің өзінде Роналдудың мансабы барысында қол жеткізген жетістіктері, портреттері және жеке заттары көрсетіледі.

Португалияның “Correio da Manhã” басылымы хабарлауынша, Мадейра аралы Қоғамдық қауіпсіздік полициясы (PSP) оқиғаны жасаған адамды әлдеқашан анықтаған. Оның бұған дейін де соған ұқсас істерімен танылғаны атап өтіледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Португалияда Роналду мүсінін өртеген жігіт табылды