date

Әлемдегі алғашқы 10 кісілік ұшатын такси сәтті ұшты

Әлемдегі алғашқы 10 кісілік ұшатын такси сәтті ұшты

Кеше, 10 февраль күні Қытайдың Fengfei Aviation Technology компаниясы әлемдегі ең ірі V5000 eVTOL (электр қуаты бар тік ұшып-қону құрылғысы) сынақтан сәтті өтті. Құрылғының салмағы 5 тоннаға тең. Бұл туралы "Гизмочина" хабарлады.

Хабарланғандай, ұшатын такси Цзянсу провинциясындағы Куншань базасынан тік көтерілуден көлденең ұшуға тегіс өтіп, техникалық мүмкіндіктерін толық көрсетті. Жоба жай ғана тәжірибе емес, қала ішіндегі кептелістерді азайту және Батыс елдерін әуе көлігі саласында артта қалдыру стратегиясының бір бөлігі ретінде бағалануда.

Инженерлер құрылғыны 20 қозғалтқышпен жабдықтаған. Кейбір қозғалтқыштар істен шықса да, V5000 қауіпсіз ұшуды жалғастыра алады. Жолаушы тасымалдаушы нұсқасы - V5000 Matrix 10 адамдық сыйымдылыққа ие. Құрылғы гибридті режимде 1500 км (250 км таза электрмен) қашықтықты жүріп өте алады, бұл қала орталығынан алыс аймақтарға жылдам және экологиялық таза көлікті қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Халықаралық авиация сарапшылары бұл сынақты "үлкен қадам" деп бағалап отыр. Осы уақытқа дейін eVTOL-дар әдетте 6 адамнан артық жолаушы тасымалдамаған. Ал V5000 10 жолаушы сыйымдылығымен әуедегі қоғамдық көлік дәуірін бастады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Әлемдегі алғашқы 10 кісілік ұшатын такси сәтті ұшты