date

Канадада мектептегі шабуылдың артында 18 жастағы жынысын өзгерткен адам тұрғаны белгілі болды

Канадада мектептегі шабуылдың артында 18 жастағы жынысын өзгерткен адам тұрғаны белгілі болды

10 февраль күні Канадада мектепте болған қарулы шабуылдан 9 адам қаза тауып, тағы 27 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Трагедиядан кейін құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеу жүргізді.

Жергілікті полицияның мәліметінше, шабуылды жасаған адам 18 жастағы Джесси Ван Ротселар болған. Ресми мәліметтерге қарағанда, ол бірнеше жыл бұрын жынысын өзгерткен. Сондай-ақ оның психикалық денсаулығына байланысты проблемалары болғаны және осыған байланысты бұрын да үйіне полиция шақырылғаны айтылған.

Айтуынша, Джесси төрт жыл бұрын мектептен кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол оқиға алдында өз үйінде анасы мен інісінің өмірін қиған.

Мектептегі шабуылдан кейін ол өз-өзіне қол жұмсады. Қазір тергеу органдары оқиғаның барлық себептері мен факторларын анықтау үстінде. Шенеуніктер зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары қабылданып жатқанын айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Канадада мектептегі шабуылдың артында 18 жастағы жынысын өзгерткен адам тұрғаны белгілі болды