date

Трамп "Бейбітшілік кеңесі" арқылы БҰҰ-ны бақылауға алғысы келеді екен

Трамп "Бейбітшілік кеңесі" арқылы БҰҰ-ны бақылауға алғысы келеді екен

АҚШ әкімшілігі БҰҰ-мен тығыз жұмыс істеуге және ұйымның мүмкіндіктерін "Бейбітшілік кеңесінің" бақылауымен толығырақ пайдалануға ниетті екенін білдірді. Бұл туралы президент Дональд Трамп Вашингтонда өткен құрылымның алғашқы жиналысында айтты.

Трамптың айтуынша, АҚШ БҰҰ-мен "өте тығыз ынтымақтастық" жасағысы келеді, ал "Бейбітшілік кеңесі" БҰҰ қызметін үнемі дерлік бақылап, оның "дұрыс жұмыс істеуін" қадағалайтын механизм ретінде көрінеді.

Сонымен қатар, АҚШ басшысы БҰҰ-ны қаржылық қолдап-қуаттау және ұйымның инфрақұрылымын жаңарту, жаңғырту жоспарлары туралы да айтты. Оның пікірінше, тиісті қолдау мен қатаң бақылау болса, БҰҰ халықаралық саясатта неғұрлым ықпалды, "күшті құралға" айналуы керек.

Мәліметтерге қарағанда, 19 февраль күні Вашингтонда "Бейбітшілік кеңесінің" бірінші жиналысы ашылып, оған 20-дан астам мемлекет делегациясы қатысқан.

Бастапқыда бұл құрылым Газа секторындағы жағдайды бақылау, тұрақтылықты қамтамасыз ету және қалпына келтіру үдерістерін үйлестіру үшін құрылғаны айтылады. Кейінірек Трамп оның өкілеттіктерін кеңейту идеясын алға тартты, яғни оны басқа аймақтардағы қақтығыстарды шешуде де белсенді "ойыншыға" айналдырды.

Қысқасы, Вашингтон жаңа форматта "бейбітшілік архитектурасын" құрғысы келеді: бір жағынан - БҰҰ-мен ынтымақтастық пен қаржылық қолдау, екінші жағынан - қатаң бақылау мен сыртқы басқаруға ұқсас механизм. Енді ең үлкен сұрақ: бұл бастама БҰҰ-ның тиімділігін арттыра ма, әлде ұйым төңірегіндегі пікірталастарды одан әрі ушықтыра ма?

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамп "Бейбітшілік кеңесі" арқылы БҰҰ-ны бақылауға алғысы келеді екен