date

Трамп барлық елдерге 10 пайыздық баж салығын енгізді

Трамп барлық елдерге 10 пайыздық баж салығын енгізді

АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елдерге қосымша 10 пайыздық тариф енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, қаулыға Овалды кеңседе қол қойылып, дереу күшіне енеді. Ол бұл қадамды экономикалық саясаттағы маңызды шара ретінде бағалады.

Ақ үй мәліметінше, декларация АҚШ-қа келетін тауарларға импорттық баж салығын енгізеді. Тәртіп 24 февральдан бастап күшіне еніп, 150 күн бойы қолданылады.

Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты Трамп Төтенше жағдайларды басқару туралы заң негізінде енгізген тарифтерді заңсыз деп таныған болатын. Сот шешімінде президент өз өкілеттігінен шығып, осы заңға сүйенгені айтылған.

Осыдан кейін Трамп барлық тарифтердің күшінде қалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шаралар экономикалық мүдделерді қорғауға бағытталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамп барлық елдерге 10 пайыздық баж салығын енгізді