date

Ресей қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Ресей қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Ресей қорғаныс министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Руслан Цаликовқа қатысты ауыр айыптар тағылды. Басман сотының шешімімен ол бір ай 29 күнге үйқамаққа алынды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Цаликов 2017 жылдан 2024 жылға дейін жұмыс істеген қылмыстық топ құрды деп күдіктелуде. Осы топ арқылы мемлекеттік бюджет қаражаты жымқырылып, кейін заңдастырылғаны айтылуда.

Тергеу органдары Цаликовты парақорлықпен де айыптауда. Әзірге 12 эпизод қарастырылуда, қылмыстық топ құру бабы бойынша оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ, тергеу барысында оның және отбасы мүшелерінің атына тіркелген көптеген жылжымайтын мүліктер, соның ішінде жер учаскелері мен тұрғын үйлер анықталды. Оның балалары да құрылыс және жылжымайтын мүлікті басқару саласында ірі табыс әкелетін бизнестерге иелік етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Цаликов 2024 жылдың маусым айында президент Владимир Путиннің жарлығымен қызметінен босатылған болатын. Ол бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгудың жақын серіктестерінің бірі ретінде белгілі. Әзірге бұл айыптаулар тергеу нұсқасы болып табылады, сот процесінде барлық мәліметтер анықталады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ресей қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды