date

Дубай әуежайының аумағында жарылыс болды

Дубай әуежайының аумағында жарылыс болды

Дубай халықаралық әуежайы аумағында немесе оған жақын жерде дрон құлауына қатысты видеолар интернетте кеңінен тарады. BBC халықаралық ақпарат агенттігі бұл видеолардың шынайылығын растады. Оқиға 7 наурыз күні әуежайдың А терминалы маңында болды деп болжануда. Таралған кадрларда белгісіз біреудің дрон туралы сөздері және артынша естілген қатты жарылыс дауысы анық көрінеді.

Мәлімет үшін, Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдай және Иранға қатысты әскери әрекеттерге байланысты Дубай халықаралық әуежайының қызметі уақытша тоқтатылған болатын. Алайда 7 наурыз күні әуежай өз жұмысын ішінара қайта бастағанын жариялады. БАӘ-нің ірі әуе компаниясы "Emirates" те рейстерді бастауға дайын екенін білдіріп, жолаушыларды әуежайға келуге шақырған еді.

Сол күні БАӘ ресми өкілдері Иран тарапынан ұйымдастырылған кезекті дрон шабуылының тойтарылғанын хабарлады. Дубай үкіметі бұл оқиғаны дрон қалдықтарының түсуіне байланысты шағын оқиға деп атап, ешкімнің зардап шекпегенін атап өтті. Әзірге ресми мәлімдемеде айтылған жағдайдың әуежай маңындағы жарылысқа қатысы бар ма, әлде бұл бөлек оқиға ма, соны анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Дубай әуежайының аумағында жарылыс болды