date

Израиль палестиналық тұтқындар үшін өлім жазасын мақұлдады

Израиль палестиналық тұтқындар үшін өлім жазасын мақұлдады

Израиль парламенті - Кнессет палестиналық тұтқындарға өлім жазасын енгізу туралы заң жобасын қабылдады.

Мәлім етілгендей, бұл құжатқа сәйкес, жаза түрі ретінде асып өлтіру қарастырылған. Заң жобасы шешуші үшінші оқылымда қаралып, 120 орындық парламенттің 62 мүшесі қолдаған. Ал 48 депутат оған қарсы дауыс берген.

Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир бұл шешімді ашық қолдап, оны маңызды қадам деп бағалады. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху да заңды қолдап дауыс бергені айтылады.

Мемлекеттік телеарна - Кан мәліметінше, заңда жазаны жүзеге асыру тәртібі нақты көрсетілген.

Алайда оппозиция мен кейбір саяси топтар бұл шешімді қатты сынға алды. Олардың пікірінше, бұл заң моральдық нормаларға, демократиялық құндылықтарға және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді. Оппозиция өкілдері бұл шешімге қатысты Израиль Жоғарғы сотына шағымданатынын мәлімдеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл заңның қабылдануы аймақтағы саяси жағдайды одан әрі күрделендіріп, халықаралық деңгейде кең талқылауларға себеп болуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Израиль палестиналық тұтқындар үшін өлім жазасын мақұлдады