Италияда ең қауіпті іздеуде жүрген әйгілі мафия басшысы ұсталды

Италияның ең қауіпті іздеудегілерінің бірі Роберто Маццарелла полиция тарапынан ұсталынды. Бұл туралы The Guardian хабарлады.
Маццарелла бір жылдан астам уақыт полициядан қашып жүрген және "Каморра" ұйымдасқан қылмыстық тобына қарасты әйгілі Маццарелла кланына басшылық жасаған. 3 сәуір кешкісін Амальфи жағалауында 1000 еуро тұратын люкс виллада жұбайы және екі баласымен бірге ұсталды. Полиция оның қарсылық көрсетпегенін хабарлады.
48 жастағы Роберто Италия Ішкі істер министрлігінің ең қауіпті іздеудегілер тізімінде төртінші орында тұр. Ол 2025 жылдың 28 қаңтарынан бері іздеуде еді. Маццарелла 2000 жылы Антонио Майоне өліміне қатысы бар деп айыпталған, Майоненің інісі Иван 1995 жылы Маццарелланың әкесі Сальваторені өлтіргенін мойындаған.
Ұсталу операциясына Карабинери тергеу бөлімі, Италия әуе күштері және Салерно жағалау қауіпсіздік қызметі қатысып, жақын маңдағы су аймақтарын бақылаған. Рейд барысында 20 мың еуро қолма-қол ақша, үш қымбат сағат, ұялы телефондар және жалған жеке куәліктер табылған.
Маццарелла отбасы Неапольде контрабанда мен есірткі саудасының үлкен бөлігін бақылауда ұстайды. Сондай-ақ олар Милан мен Солтүстік Италияда ақшаны заңдастыру және жалған құжаттар жасау жұмыстарымен айналысады.
Ұсталуы саясаткерлер тарапынан мақтауға ие болды. Еуропа парламентінің вице-президенті Пина Пичерно бұл оқиғаны “мемлекеттің үлкен жеңісі және мафияға қарсы айқын сигнал” деп бағалады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!