Иран АҚШ-пен барлық дипломатиялық арналарды үзді

Иран АҚШ-пен барлық дипломатиялық арналарды үзді

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иран Трамптың қоқан-лоқысынан кейін Құрама Штаттармен барлық дипломатиялық және жанама байланыс арналарын үзіп, барлық байланыстарды тоқтататынын мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, бұл қадам Иранның АҚШ-қа қарсы қатаң ұстанымын көрсету мақсатында жасалған. Бұл шешім екіжақты қарым-қатынастағы саяси және қауіпсіздік жағдайын одан әрі шиеленістіруі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай әрекеттер аймақтағы геосаяси күресті қиындатып, келіссөздер үшін жаңа кедергілер тудыруы мүмкін.

Пікірлер 0

Байланысты жаңалықтар