date

Иран бітімді қабылдамады: АҚШ-пен қақтығыс қайта шиеленісуде

{{ALT_9}}

Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай одан әрі күрделенуде. Иран ресми тұлғалары АҚШ-пен атысты тоқтату туралы келісімді ұзарту мәселесінде қатаң ұстаным білдірді.

Tasnim таратқан мәліметтерге сәйкес, Теһран үкіметі Дональд Трамптан бітім мерзімін ұзартуды сұрамаған. Керісінше, Иран тарапы АҚШ-ты «жанжалдан басымдық ала алмаған тарап» ретінде бағалауда.

Дереккөздерге сәйкес, Теһран Вашингтонның әскери жолмен мақсатына жете алмайтынын түсінгендіктен, жанжалдан шығуға тырысып жатқанын атап өтуде. Сонымен қатар, Иран басшылығы бітім тіпті ұзартылған жағдайда да қауіп-қатерлер сақталатынын білдірген.

Атап айтқанда, Иран тарапы АҚШ пен Израиль тарапынан ықтимал террористік әрекеттер орын алуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл Теһран тарапынан елеулі қауіп ретінде бағалануда.

Бұдан бөлек, Ормуз бұғазындағы жағдай да ерекше назарда. АҚШ тарапынан теңіз блокадасының жалғасуы жанжалды одан әрі созуы мүмкін екені айтылуда. Иран болса, бұл стратегиялық су жолын жабық қалдырмайтынын және қажеттілік туындаса, оны күш қолдану арқылы ашуға дайын екенін білдірген.

Белгілі болғанындай, 21 сәуірде Иран АҚШ-пен келіссөздердің жаңа кезеңі үшін Пәкістанға барудан да бас тартқан. Мұның себебі ретінде Вашингтон тарапынан бітім шарттарының бұзылуы және артық талаптар қойылғаны көрсетілген.

Соған қарамастан, Дональд Трамп бітімді мерзімсіз ұзарту туралы мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, бұл шешім Пәкістан ресми тұлғаларының өтініші бойынша қабылданған.

Иран парламенті спикерінің кеңесшісі Маһди Мұхаммед болса, бітімді созудан мән жоқ екенін білдірді. Оның пікірінше, «ұтылған тарап шарт қоя алмайды», теңіз блокадасын жалғастыру іс жүзінде бомбылауға тең болып табылады, мұндай әрекеттерге әскери жауап қайтарылуы тиіс.

Осылайша, тараптар арасындағы қарама-қайшылық одан әрі тереңдеп, жағдай жаңа шиеленіс кезеңіне өту алдында тұрғаны байқалуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Иран бітімді қабылдамады: АҚШ-пен қақтығыс қайта шиеленісуде