АҚШ Иран әскерилеріне көмектескендерге қарсы санкция енгізді

АҚШ Қаржы министрлігі Иран әскерилеріне қару мен технологиялар жеткізуге көмектесті деп айыпталған 10 жеке тұлға мен компанияға қарсы санкциялар енгізді. Бұл туралы министрліктің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, шектеулер Таяу Шығыс, Азия және Шығыс Еуропа аймақтарында жұмыс істейтін тұлғалар мен ұйымдарға бағытталған. Вашингтон оларды қару-жарақ жеткізуге, сондай-ақ Иранның «Шахид» сериялы дрондары мен баллистикалық зымыран бағдарламасы үшін қажетті шикізаттарды жеткізуге қатысы бар деп айыптауда.
Санкциялар тізіміне Қытай, Гонконг және БАӘ-де тіркелген компаниялар, сонымен қатар Беларусь, Иран және Қытай азаматтары енгізілді. АҚШ тарапы бұл шектеулер арқылы Иранның әскери жабдықтау желілеріне қысымды күшейтуді мақсат етіп отырғанын білдіруде.




















Пікірлер 0
…