date

АҚШ-та крипто-перпетуал келісімшарттарына рұқсат берілді

АҚШ-та крипто-перпетуал келісімшарттарына рұқсат берілді

Бүгін АҚШ-тың Тауар фьючерстері саудасы жөніндегі комиссиясы (CFTC) тарихи шешім қабылдап, тіркелген биржаларда нақты Bitcoin perpetual (мерзімсіз) келісімшарттарын орналастыруға рұқсат берді. Бұл қадам крипто активтер нарығының ең ликвидті сегменттерінің бірін АҚШ-тың реттеу аясына енгізуге жол ашты. Елде мұндай келісімшарттардың пайда болуы АҚШ-ты әлемнің крипто астанасына айналдыру жолындағы маңызды кезең болып табылады. Бұл туралы Coindesk.com хабарлайды.

Дәстүрлі фьючерстерден айырмашылығы, perpetual келісімшарттардың мерзімі шектелмеген. Олар 24/7 режимінде жұмыс істейтін нарықтарға арналған және қатысушыларға келісімшарттарды үнемі жаңарту (roll-over) шығындарынсыз өз позицияларын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл құрал алғаш рет 1992 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Шиллер тарапынан ұсынылған және қазіргі таңда жаһандық крипто нарығында тәуекелдерді басқарудың негізгі құралына айналды.

Осы уақытқа дейін CFTC тарапынан нақты құқықтық тетік жасалмағандықтан, perpetual саудасы негізінен офшорлық аймақтарда жүзеге асырылатын еді. Бұл америкалық крипто компанияларының бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, жергілікті инвесторлардың бұл нарыққа кіруін шектеп келді. Жаңа тәсіл инновацияларды қолдау және реттеу арқылы нарықта ашықтықты қамтамасыз етуді көздейді.

Комиссияның бұл шешімі шамадан тыс левередж, волатильділік және жүйелік тәуекелдерді шектеуге қызмет ететін жұмыс тетігін ұсынады. Бұл тәуекелдерді реттелмейтін офшорлық алаңдарға шығарып жібергеннен гөрі, оларды Американың бақылауында ұстау тиімдірек деп табылды. Bitcoin perpetual келісімшарттарының мақұлдануы АҚШ-тың цифрлық қаржы технологиялары саласындағы көшбасшылығын одан әрі нығайтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » АҚШ-та крипто-перпетуал келісімшарттарына рұқсат берілді