date

Мамыр айында крипто-шабуылдардан келген шығын 90 пайызға азайды

Мамыр айында крипто-шабуылдардан келген шығын 90 пайызға азайды

CertiK киберқауіпсіздік компаниясының мәліметтері бойынша, мамыр айында крипто-платформаларға жасалған хакерлік шабуылдардың салдарынан келген шығын 68,3 миллион USD-ді құрады. Бұл көрсеткіш сәуір айындағы 650 миллион USD-лік жоғалтумен салыстырғанда шамамен 90 пайызға төмен. Осылайша, мамыр айы биылғы жылы шығын көлемі 100 миллион USD-ден төмен болған үшінші ай болды. Бұл туралы Cointelegraph.com хабарлайды .

Өткен айда ұрланған қаражаттың шамамен 2,6 миллион USD-сі фишингтік шабуылдардың үлесіне тисе, 9,4 миллион USD көлеміндегі қаражат қайтарылды немесе қалпына келтірілді. Сәуір айында Kelp DAO платформасынан 291 миллион USD ұрлануы айлық көрсеткіштерді күрт өсіріп жіберген еді, алайда мамыр айында жағдай айтарлықтай тұрақталды.

Мамыр айындағы ең ірі шығын 18 мамырда Verus Protocol кросс-чейн көпірінде орын алып, хакерлер 11,5 миллион USD-ді қолды қылды. Екінші орында THORChain протоколы тіркелді — одан 10,1 миллион USD ұрланған. Талдауларға сәйкес, жоғалтулардың 66 пайызы немесе 45 миллион USD бағдарламалық кодтардағы осалдықтар салдарынан туындаған.

Шабуыл түрлері бойынша кросс-чейн көпірлері ең көп нысанаға алынып, жалпы шығынның 42 пайызы (28,6 миллион USD) дәл осы бағытқа тиесілі болды. Сондай-ақ, әмиян мен жеке кілттердің (private keys) қауіпсіздігінің бұзылуы нәтижесінде 13,7 миллион USD жоғалды. DeFi протоколдары да алаяқтардың назарында қалуда.

DeFiLlama мәліметтері бойынша, мамыр айында барлығы 29 жағымсыз жағдай тіркелген. Сондай-ақ, жасанды интеллект көмегімен жасалған зиянды бағдарламалар қаупі артып келеді. Алаяқтар Google платформасындағы жалған жарнамалар мен AI кодтау көмекшілері арқылы крипто-әзірлеушілерді нысанаға алуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Мамыр айында крипто-шабуылдардан келген шығын 90 пайызға азайды