«Кешірім сұрайды деп ойласаңыз, қатты қателесесіз». Юлдуз Усманова АҚШ-тағы еврейлерге қатысты пікір білдірді

Өзбекстан халық әртісі Юлдуз Усманова АҚШ-та өтетін концерті төңірегінде туындаған дауларға қатысты пікір білдірді. Әнші өзінің Instagram парақшасы арқылы видеоүндеу жолдап, ешқандай кешірім сұрамайтынын қатаң түрде мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Юлдуз Усманова 2026 жылдың 9 мамырында Брайтон-Бич ауданында концерт өткізуді жоспарлаған болатын. Алайда соңғы күндері әлеуметтік желілерде АҚШ-тағы еврей қауымдастығы өкілдері тарапынан бұл концертті тоқтату туралы талаптар айтылуда. Бұған әншінің бірнеше жыл бұрын Израиль-Палестина қақтығысына қатысты білдірген көзқарастары себеп болған. Атап айтқанда, 2021 жылы ол бірнеше рет видеоүндеу жариялап, Палестина халқын қолдаған және сынға жауап берген еді.
Нью-Йорктегі кейбір америкалық саясаткерлердің де бұл мәселеде белсенділік танытып жатқаны айтылуда. Атап айтқанда, Брюс Блейкман, Майкл Новахов және Алек Брук-Красны бұл науқанды қолдап отыр. Бастамашылар әншіден көпшілік алдында айтқан сөздері үшін түсініктеме беруді және кешірім сұрауды талап етуде.
Әнші бұл шақыруларға жауап ретінде өз ұстанымын ашық білдірді:
Юлдуз Усманова өз көзқарасында нық екенін және кез келген зорлық-зомбылыққа қарсы екенін ерекше атап өтті:
Сондай-ақ ол өз сөзінде бірқатар өткір пікірлер айтып, еврейлердің өз әрекеттері арқылы шынайы бет-бейнесін көрсетіп жатқанын алға тартты. Әнші өз ұлты мен дінін құрметтейтінін, өнер арқылы адамзатқа қызмет етуді мақсат ететінін білдірді.