Құлпынай драмасы Jony-дің «Камин» әнін рекордтық көрсеткішке жеткізді!

Jony-дің 2020 жылы шыққан «Kamin» әні күтпеген жерден қайтадан танымалдылыққа ие болды. Бұған әлеуметтік желілерде тараған оғаш нейро-видеолар мен «құлпынайлар отбасы драмасы» деп аталатын тренд себеп болды.
Әнші YouTube-те Buster Rofls-пен сұхбат барысында бұл оқиғаны тікелей эфирде көрсетті. Jony әзіл-қалжың түрінде «сатқын жемістерге» қатысты көріністі көрсетіп, көрермендердің назарын аударды.
Мәліметтерге сәйкес, «Kamin» әні бір ай ішінде YouTube Music платформасында 879 миллион рет тыңдалған. Бұл нәтиже Jony-ді Тейлор Свифт, Джастин Бибер және Дрейк сияқты әлемдік жұлдыздардан да жоғары деңгейге шығарғаны айтылуда.
TikTok қолданушыларының есебі бойынша, әнші бұл тыңдалымдардан шамамен 3 миллион доллар табыс тапқан болуы мүмкін. Тренд әлі де әлеуметтік желілерде белсенді талқылануда.












Пікірлер 0
…